Nov 14, 2019 18:51 Asia/Almaty
  • Жетекші айыпталушылардың бірқатарының жазасын кешіріп, жеңілдетуге келісті

Раби әл-аууал айының тууы мен соңғы пайғамбар Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) мәулітіне орай ислам революциясының мәртебелі жетекшісі бірқатар айыпталушының жазасын кешіру және жеңілдету туралы ұсынысқа келісімін берді.

Ислам революциясы жетекшісінің Ақпарат тарату торабының мәліметі бойынша Иран Сот билігінің басшысы Сейед Ибраһим Раисидің ардақты пайғамбардың мәулітіне орай ислам революциясының жетекшісіне хат жазып, комиссияда тиісті жағдайға ие деп танылған 3552 айыпталушыға кешірім жасап, жазаларын жеңілдету туралы ұсынысына  аятолла Хаменеи келісім берді.
 

 

 

Сараптама