Nov 14, 2019 19:44 Asia/Almaty
  • Иран – Палестинаның нағыз қолдаушысы

ИИР президенті елінің Палестина халқын сионистік режим мен Америкамен күресте қолдауда алдыңғы шепте орналасқанын айтты.

Хасан Рухани бүгін Теһранда басталған «Ислам бірлігі» отыз үшінші халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде Палестина мен Құдс Шәріпті ислам әлемінің маңызды тақырыбы деп атап: «Ислам әлемінің қоғамдық пікірі дұшпандарға Палестина мен Құдс Шәріптің ислам әлемінің бірінші тақырыбы ретінде ұмытылуына рұқсат бермейді», - деді.
Палестина мен Құдс ислам әлемінің бірінші мәселесі ретінде Теһранда жыл сайын өтетін «Ислам бірлігі» конференциясында әрдайым басты назар аударылған тақырып болды. Бұл Палестинаның мазлұм халқын қолдаудағы Иран сыртқы саясатының маңыздылығын білдіреді. 
Ислам революциясының жеңіске жетуімен Палестина мен Құдс Шәріпті қолдау ИИР сыртқы саясатының негізгі басымдылықтарының біріне айналды. Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын «Құдс күні» деп атау ислам әлеміндегі Палестина мәселесінің маңыздылығын білдіреді.

ИИР негізін қалаған хазірет имам Хомейни Палестина мәселесінің шешілуін қолдап, оны әлемдік мәселеге айналдыру үшін Рамазан айының соңғы жұмасын «Әлемдік Құдс күні» деп атады.

Имам Хомейнидің бұл бастамасы ислам елдерін хабардар етіп, қырағылықтарын арттырумен қатар әлемнің азаттық талап етуші басқа да халықтарының назарын мұсылмандардың алғашқы қыбыласына аударып, Америка мен сионистік режимнің Палестинаға қарсы қастандықтарын жеңіліске ұшыратты. 
Ислам елдерінің қырағылығы бүгін өте қажет қасиет. Себебі сионистер Американың айқын қолдауы мен кейбір араб елдерімен ымыраластығының арқасында Палестина мәселесін ұмыттыруды көздейді.
Американың елшілігін Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшіру, «Ғасыр мәмілесі» жобасы, кейбір араб елдерінің Израильмен ымыраластығының жасырын жобаларының жариялануының барлығы сионистік режим үшін қауіпсіз жағалау қалыптастырып, Палестина мәселесін ұмыттыру деген ортақ бір мақсатты көздейді.

Сионистер аймақ халықтары мен ислам елдерінің ортақ дұшпаны ретінде өткен жетпіс жылда кейбір араб елдерімен ымыраластығы және Американың қолдауымен Ираннан қорқыту саясаты арқылы Батыс Азиядағы өз  мақсаттарын ілгерілетуге күш салып жатыр.
Осындай жағдайда және өткен отыз жылда аймақтағы барлық соғыстың, қырғын мен қайшылықтардың себебі Америка мен сионистік режим болғандықтан ислам елдерінің бірлігі мен олардың сионистік режимнің қастандықтары алдындағы қырағылығы қажеттілікке айналды.

Құдстан бастап Газа секторына дейінгі Палестина жеріндегі жағдай мен мұсылман халықтарының бірлігі және олардың Палестинаның мазлұм халқын қолдауы сионистердің алдынан барлық қастандықтың жолын жабады.

 

Тегтер

Сараптама