Nov 16, 2019 15:17 Asia/Almaty
  • Велаяти: Әлемдік үстемшілдік ислам дінінің дамуына тосқауыл жасауды көздейді

Исламдық ояну әлемдік ассамблеясының бас хатшысы Велаяти Америка жетекшілік ететін әлемдік үстемшілдіктің исламның аймақтағы жоғары мәдениет ретіндегі дамуына тосқауыл жасап, сионистік режимнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтінін айтты.

Әли Акбар Велаяти бүгін сенбі күні Теһранда басталған Исламдық ояну әлемдік ассамблеясы жоғары кеңесінің он екінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Голан жоталарын Құдсты басып алған режимнің жері ретінде ресми тану, сионистік режимді қаруландыру Американың Израиль мен аймақтағы кейбір кертартпа араб елдері басшыларының серіктестігімен ислам әлеміне қарсы жобалап, ұйымдастырып, жүзеге асырған кейбір жайттар.   
Велаяти қарсыласу өзегі де Америка мен одақтастарының әрекеттеріне қарсы белсенді қарсыласу саясатын ілгерілетіп, өздерінің жобаларын іске асырғанын айтып: «Жаңа жобалаған қастандықтарда дұшпандар әшкере және жасырын түрде барлау қызметтерінің жетекшілігімен аймақ халықтары енді қол жеткізген тыныштықты бейберекеттіктер мен бүлік шығару арқылы Ирак пен Ливанда бұзуды мақсат етіп отыр», - деді.

 

Сараптама