Қар 17, 2019 19:58 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иранның дұшпандары ұдайы бүліктер мен тынышсыздықтарды қолдайды

Ислам революциясының жетекшісі фикһ сабағында бензин тұтынуды басқару жобасына тоқталып: "Бұл істен хабарым жоқ. Сарапшылардың пікірлері әрқилы. Бірақ үш биліктің басшылары қабылдаған шешімді қолдаймын",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні үш билік басшыларының мамандардың қолдауымен бір шешім қабылданғанын және оның міндетті түрде орындалу қажеттігін айтып: "Кейбір адамдардың өздеріне зарар келеді деп ойлап, осы шешімге алаңдап, наразы білдіргені айқын. Алайда қоғамдық орындарды бұзып, өртеу халықтың емес, бүлікшілердің ісі",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі революцияға қарсылар мен Иранның дұшпандарының ұдайы бүліктер мен тынышсыздықтарды қолдайтынын, қазір де солай істеп жатқанын айтып: "Елін жақсы көретін ешбір ақылды адам мұндай істер атқармайды",-деді.

Иранда бензин бағасы өсіп, екі баға белгіленгеннен кейін болған халықтың бейбіт наразылықтары кейбір бүлікшілердің теріс пайдалануы салдарынан жолынан тайды.

Сараптама