Жел 03, 2019 21:29 Asia/Almaty
  •  АҚХА жаңа Бас директоры кезеңіндегі

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) БҰҰ-на мүше елдердің атом саласындағы жұмыстары мен ядролық нысандарын бақылаушы ұйым ретінде Агенттікке мүше елдердің ядролық қызметі мен ядролық технологияны бейбіт мақсатта пайдалануды қамтамасыз ету саласында маңызды рөл атқарады.

АҚХА жаңадан сайланған Бас директоры Рафаэль Гросси 2 желтоқсанда Венада Агенттіктің оны осы қызметке бекіткен сессиясынан кейін журналистерге берген сұхбатта Агенттіктің Иранмен ынтымақтастығын арттыруын қолдап: "Кейбіреулер Иранға қатаң әрі әділ болуымыз керек дейді. Мен баршаға қатаң және әділ болуымыз керек деймін",- деді.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының сезімтал жағдайын назарға алсақ, Гроссидің  сайлануы екі есе маңызды. Франция, Германия және Британия кіретін еуропалық үштік Еуроодақпен бірге 2008 жылдың мамыр айында АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Иранның экономикалық мүдделерін қамтамасыз етіп, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызды келісімін сақтап қалуға уәде берді. Еуропалықтар АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымын сынап, Иранға INSTEX деп аталған қаржы механизмін іске қосуға уәде бергеннен басқа өз міндеттемелерін іске асыру саласында ешбір қадам жасамады. Гроссидің мемлекеттердің ядролық жұмыстарына бақылау жүргізетін ұйымның Бас директоры болып сайлануымен оның жұмысының ең маңызды тақырыптарының бірі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  мен келісімнің келешегі болады деген ой туады. ИИР сан рет Агенттіктің өзіне мүше елдердің, соның ішінде Иранның ядролық жұмыстарына бейтарап және әділ ұстаным білдіру қажеттігін қуаттады. 2010-2013 жылдары Гроссидің АҚХА-нің бұрынғы Бас директоры Юкия Аманоның саяси істер жөніндегі орынбасары болған кезде Иранға қатысты қатаң ұстаным білдіргеніне байланысты Теһран оның Агенттіктің Бас директоры болып сайлануына қатысты алаңдаушылығын ашық айтты.  Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі Рафаэль Гроссидің сайлануына реакция білдіріп, ИИР-ның әрқашан Агенттіктің мамандандырылған, тәуелсіз және бейтарап ұйым болуын қуаттағанына тоқталып: "Теһран Агенттік пен оның басшысының кез келген жағдайда ұстанымын сақтап, мүше елдердің Агенттікке қысым көрсетуінің алдын алатынын күтеді",- деп қуаттады. Теһранның Агенттіктің жаңа Бас директорына байланысты ұстанымы алаңдаушылық білдіруімен бірге Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасына, әсіресе "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына бейтарап және тәуелсіз саясаттың жалғасуын қуаттауы болды.

 

  

 

 

 

Тегтер

Сараптама