Жел 06, 2019 20:32 Asia/Almaty
  • АҚШ санкцияларына қарамастан, Иранның сауда теңгерімі мақтануға тұрарлық

Теһран жұма намазының уақытша құтпагері Абуторабифард: "Бүгінде Иран әртүрлі ғылыми-инженерлік салаларда зор беделге ие. АҚШ санкцияларына қарамастан, Иранның сауда теңгерімі мақтануға тұрарлық",-деді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Мұхаммад Хасан Абуторабифард Теһран жұма намазының құтпаларында: "АҚШ-қа қарсы тұру  білім жолында әрекет ету, технология жасау, жан басына шаққанда ең жоғары табысқа ие айбынды Иран құру деген сөз. Бұған тек жаңа технологияларды игеріп, ғылымды коммерцияландыру арқылы қол жеткізуге болады",-деп қуаттады.

Теһран жұма намазының уақытша имамы құтпаларының бір бөлігінде бензин бағасын өзгерту жобасына тоқталып: "Бұл маңызды жоба саяси мамандар мен ғалымдар бас қосып, ұлы халық қолдайтын ұлттық бірлік пен айбынның жол картасы болуы керек еді. Бұл бөгде елдердің барлау және тыңшылық қызметтерінің теріс пайдаланатын жобасына айналмауы тиіс еді",-деді.

 

Тегтер

Сараптама