Aug 08, 2019 17:18 Asia/Almaty
  • Қазақстанда бір үлкен мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында бір үлкен мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл зауытты салу құны 420 млн доллар деп есептелген. Зауытты салуға Қазақстан үкіметі тарапынан 59,8 га жер бөлінген.

Зауыт 2021 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Зауытты салу үшін 500 жұмыс орны, ал зауыт жұмыс істей бастаған соң 200 жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, мұнай өңдеу зауыты жылына 750 мың тонна мұнай өнімдерін, соның ішінде бензин, дизель мен отынның басқа түрлерін өндіретін болады.

Жоспар бойынша, бұл зауыт өнімдерінің 80 пайызы ел ішінде, 20 пайызы ТМД елдеріне экспортталады.  

Тегтер

Сараптама