Sep 18, 2019 14:23 Asia/Almaty
  • Иран-Қазақстан экономикалық зерттеу орталығы ашылды

Иран-Қазақстан экономикалық зерттеу орталығы Иранның байланыс және ақпараттық технологиялар министрінің қатысуымен Нұр-Сұлтанда ашылды.

 

Әбу Райхан Бируни атындағы Иран-Қазақстан экономикалық зерттеу орталығы Иранның Ғұлама Табатабаи атындағы Университетінің ынтымақтастығымен Қазақстанның Еуразия Университетінде ашылды.

Иранның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммад Джавад Азари Джаһроми екі күндік Қазақстан сапарының жалғасында Нұр-Сұлтандағы цифрлық экономикалық паркті аралады. Иранның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі ТМД  елдері байланыс және ақпарат министрлері одақтастығы отырысына қатысу үшін дүйсенбіде Қазақстанға аттанған болатын.

ТМД  елдері байланыс және ақпарат министрлері одақтастығы Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Молдавия, Армения, Тәжікстан мен Түркмения елдерімен құрылды. ТМД  елдері байланыс және ақпарат министрлері одақтастығы отырысы жыл сайын мүше елдерінің бірінде өтеді. Өткен жылы оның отырысы Түркіменстанда өткен болатын.

 

Тегтер

Сараптама