Sep 19, 2019 16:57 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның спорт саласындағы ынтымақтастығын кеңейту қажеттігі қуатталды

ИИР Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Иран мен Қазақстанның спорт саласындағы ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Орта Азия елдерінің олимпиадалық комитетінің үшінші отырысына қатысу үшін Қазақстанға барған Реза Салехи Амири сәрсенбі күні осы отырыста Иран мен Қазақстанның әлеуеттерін таныстыра келіп, бұл әлеуеттердің екі елдің спорт саласындағы ынтымақтастығына жағдай жасайтынын айтты.

Ол осы отырыста Орта Азия елдерінің олимпиада ойындарын өткізуге ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс мүше елдер тарапынан қолдау тауып, қабылданды.

ИИР Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы, сондай-ақ, сәрсенбі күні өзінің қазақ әріптесі Тимур Кулибаевпен кездесіп, екі елдің спорт саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы сұхбаттасты.

Кулибаев бұл кездесуде ИИР Ұлттық олимпиадалық комитеті басшысының Қазақстанға келгеніне қуаныш білдіріп, екі елдің спорттық әлеуеттерін пайдалануға және өзара ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

Тегтер

Сараптама