Sep 20, 2019 17:26 Asia/Almaty
  • Қазақстанның ондаған азаматы Қытайға қарсы митингілерге қатысты деген айыппен қамауға алынды

Fars ақпарат агенттігінің қазақстандық ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, осы елдің 54 азаматы соңғы күндері Қытайға қарсы митингілерге қатысқаны үшін қамауға алынды.

Қыркүйек айының басынан Маңғыстау облысының Жаңаөзен ауданында және Алматы қаласында Қазақстанда қытай жұмысшыларының еңбек етуіне қарсылық ретінде бірнеше митинг өтті.

Қытай Қазақстанда 55 жаңа зауыт салуды көздеп отырған көрінеді. Наразылардың айтуынша, осы жобалармен қоса Қазақстан жеріне Қытайдың 55 млн азаматы кіретін болады.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Көшербаев Қазақстанда ондаған қытай зауытының салынатынын теріске шығарып: "Үкімет бұл үдерісті толық бақылап отыр, Қазақстан азаматтарының құқықтарының тапталуына жол бермейді",-деді.

Қазақстан Бас прокуратурасының басшылары "Қазақстанның демократиялық таңдауы" атты қозғалысты Қытайға қарсы митингілерге жауапты деп санайды.  

Тегтер

Сараптама