Sep 22, 2019 12:09 Asia/Almaty
  • Қазақстанда ондаған наразы қамауға алынды

Қазақстан полициясы ондаған наразының қамауға алынғанын хабарлады.

France Press ақпарат агенттігінің Қазақстан Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кеше, сенбі күні Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында рұқсат етілмеген наразылықтарға қатысты деген айыппен  57 адам қамауға алынды.

Бұл митингілер Қазақстанның Қытаймен сауда қатынасының дамуына қарсы өткізілді.

Қазақстандағы ең үлкен қала Алматыдағы наразылардың бірі ел үкіметінің Қытай инвестициясын арттыруға ниеттеніп отырғанын айтып: «Біздің үкіметіміз Қазақстанды бір шикізат өндіретін елге айналдырып жіберді»,-деді.

Наразылықтар сенбі күні «Қазақстан демократиялық таңдауы» қозғалысының шақыруымен өткен.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі: «Прокуратураның бірнеше ескертуіне қарамастан, кейбір азаматтар «Қазақстан демократиялық таңдауы» атты заңсыз экстремистік қозғалыстың арандауына түсіп қалды»,-деп хабарлады.

Қазақстандағы бір сот өткен жылы «Қазақстан демократиялық таңдауы» қозғалысын  экстремистік топ деп атап, оның заңдық күшін жойған болатын. Бұл қозғалысты Мұхтар Аблязов басқарады. Аблязов бұдан бұрын Қазақстанның Энергетика министрі және Ұлттық банкінің басшысы болған. 2009 жылы елден қашып кетті.

Тегтер

Сараптама