Oct 12, 2019 17:30 Asia/Almaty
  • Астана келіссөздерінің келесі кезеңі кейінге қалуы ықтимал

Қазақстан СІМ Астана келіссөздері аясында Сирия дағдарысын шешу үшін тағы бір отырыс өткізу жобасының күн тәртібінде тұрғанын, бірақ қазан айының аяғында өткізілуі тиіс бұл отырыстың қараша айына қалу ықтималын хабарлады.

Tasnim ақпарат агенттігінің "Спутник" агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстан СІМ сенбі күні Астана келіссөздерінің келесі кезеңін қазан айының соңында өткізу мәселесінің қарастырылып жатқанын, бірақ бұл отырыстың келесі айға қалдырылу ықтималын хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді тілшілерге берген сұхбатында: "Бірнеше жоба қарастырылып жатыр. Біз отырысты қазан айының аяғында өткізуді жоспарлағанбыз. Бірақ қазір білмеймін, отырыс кейінге қалуы мүмкін",-деді.

 

Сараптама