Oct 13, 2019 17:07 Asia/Almaty
  • Қазақстан ТМД елдеріне ортақ виза енгізуге ұсыныс жасады

Қазақстан Президенті ТМД елдеріне бірыңғай виза енгізу туралы ұсыныс жасағанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні ТМД елдері басшыларының отырысынан кейін сөйлеген сөзінде: "Осы ұйымға мүше елдердің виза беру шарттарында айтарлықтай айырмашылық бар. Бұл аймақтағы бірнеше елді аралауды көздейтін шетелдік туристерге қолайсыз жағдай тудырып отыр.

Шенген келісімі сияқты ТМД елдері арасында бірыңғай виза енгізу мәселесін талқылау қажет",-деді.

ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы жұма күні Түркіменстанның Ашхабад қаласында өтті. Бұл кеңестің келесі отырысы 2020 жылдың 16 қазанында Өзбекстанда өтеді.  

 

Тегтер

Сараптама