Oct 17, 2019 17:47 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Кореяның СІМ Сеул-Нұр-Сұлтан байланыстарын арттыруға мүдделік танытты

Оңтүстік Корея Сыртқы Істер министрі Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Президентімен кездесуде екі елдің екіжақты және аймақтық ынтымақтастықтарын арттыруды сұрады.

FARS News агенттігінің бүгін бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша Оңтүстік Корея Сыртқы Істер министрі Кан Гён Хва Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде өзінің осы елге сапарын оң бағалап, Сеулдің Нұр-Сұлтанмен ынтымақтастықтарын тереңдетуге әзір екенін хабарлады.
«Орталық Азия және Оңтүстік Корея» он екінші форумына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Оңтүстік Корея Сыртқы Істер министрі Қазақстан Президентін өз еліне сапармен келуге шақырды.

Тоқаев та кездесуде екі елдің сауда, экономика, техникалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы байланыстарын жақсы бағалап, Қазақстанның Оңтүстік Кореямен экономика мен сауда салаларында серіктестіктерін арттыра түсуге ынталы екенін мәлімдеді.

 

 

 

Сараптама