Oct 18, 2019 19:01 Asia/Almaty
  • «Әулиелер шежіресі» екінші рет жарыққа шықты

Фарид ед-Дин Әттардың «Тазкерат үл-оулиа» шығармасынан ықшамдалып алынған әңгімелер жинағы «Әулиелер шежіресі» деген атаумен қазақ тілінде екінші рет жарыққа шықты.

"Тәзкерат үл-оулиа" – Алланың таңдаулы әулиелері мен белгілі сопыларының қанатты сөздері мен ойлары, мұғжизалары мен бастарынан өткен оқиғаларын қамтитын жинақ. Бұл шығармада сөз болатын ұлылардың әрқайсы өз заманында хақты сүйетіндердің жандарын алаулатып, дүниеден өткен. Бәлкім, олардың басынан өткен оқиғалар кейбір кездері асыра айтылғандай, тіпті аңызға ұқсас көрінуі мүмкін. Алайда мәселе таңқаларлық оқиғаның қалай болғанында емес, оның сопылық болмысы мен рухында. Шын мәнінде, Әттар осы шығармасында баяндаған сопылар мен тақуалардың өмірбаяндары адам рухының шексіз қабілеті мен ұшқырлығының шекарасын көрсететін айна іспеттес. Әлбетте, қарапайым да кестелі қара сөзбен қатар Әттардың ақындық қиялы да бұл еңбектің құнын екі есе арттырды. 

Афшин Ала дайындаған таңдамалы шығарманы Айнаш Қасым қазақ тіліне аударды. Шығармаға тек жеті адамның ғана өмірбаяны енгенін айту қажет. Әттардың «Тазкарет үл-оулиа» еңбегінің толық нұсқасында олардың саны жетпіс екі адам, ал аңыз бойынша тоқсан жеті адамға жетеді.  

 

 

 

Тегтер

Сараптама