Nov 14, 2019 15:37 Asia/Almaty
  • Алматы әуежайы сатылады

Қазақстанның Өнеркәсіп және инфрақұрылымдарды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы қаласының әуежайы сатылатынын хабарлады.

Бейбіт Атамқұлов Алматы қаласы әуежайының жекеменшік компанияға тиесілі екенін мәлім етті. Алматы әуежайын сатып алуды мақсат етіп отырған инвестор туралы сөзінде Бейбіт Атамқұлов инвестордың Францияда екі әуежайы бар екенін, Алматы әуежайының Орта Азиядағы ең үлкен әуежайлардың бірі екенін айтты. Министрдің айтуы бойынша жолаушылардың жайлылығы үшін жолаушылар таситын терминал заманауиландырып, қайта салынуы керек. Себебі бұл әуежайдан өтетін жолаушылардың саны артып отыр. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша Алматы қаласының әуежайын сатып алатын компания түркиялық-франциялық  TAV Airports Holding екен.

 

Сараптама