Nov 16, 2019 13:49 Asia/Almaty
  • Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Италия бизнесмендерінің алғашқы форумы өтті

Италия Сыртқы Істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстан сапары аясында екі елдің алғашқы сауда форумы Нұр-Cұлтанда өтті.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша форумға екі елдің екі жүзден астам бизнесмені, мемлекеттік компаниялары мен ұйымдарының өкілдері қатысып, қуат, қалпына келтірілетін қуат көздері, мұнай-химия, өңдеу өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы салаларындағы жобалардың даму перспективасы қарастырылды.

Италия СІМ орынбасары: «Тәуелсіздік және нарық экономикасына көшу жылдары Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге жетіп, экономиканың тұрақты дамуы мен инвестицияның оңтайлы кеңістігін кепілдендірді. Екі ел сауда, экономика және инвестиция салаларында серіктестіктерді арттыру үшін жақсы мүмкіндіктерге ие»,- деді. Қазаақстан СІМ арнайы елшісі Ерлан Хаиров екі елдің  инвестиция саласындағы серіктестіктерін арттыру үшін жоғары әлеуеттерге ие екенін айтып, қазақстандық және италиялық бизнесмендерден сауда байланыстарын арттырып, инвестиция жобаларын жүзеге асыруды сұрады.

Қазақстан мен Италияның сауда айналымы 2019 жылдың сегіз айында 6.7 млрд долларды құрады.

 

Сараптама