Нау 20, 2018 19:55 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесуі қарсаңында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын кемшілікке ие келісім деп атады.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр Вашингтонда Иранға қарсы уәждерін қайталап, журналистерге берген сұхбатта: "Рияд «Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын  кемшілікке ие келісім санайды",- деді.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман екі апталық АҚШ сапарында сейсенбі күні Дональд Трамппен кездесіп, сұхбаттасады.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини мен ядролық мәселеге қатысты келісімге қатысқан басқа тараптар сан рет "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын екіжақты келісім емес, халықаралық қоғамға тиесілі келісім және оған өзгеріс енгізуге болмайтынын қуаттаған  жағдайда аталмыш келісімге қарсы уәж айтуда.

Әлем АҚШ, сионистік режим мен Сауд Арабиясына керісінше "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуды қолдайды.

 

 

Тегтер

Сараптама