Oct 12, 2019 14:08 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-ның санкциялары – Иран халқына қарсы соғыстың бір түрі

Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкциялары Иран халқына ауыр қысымдар таңды, сол себепті санкциялар соғыстың бір түрі саналады",-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Түркияның TRT арнасынан жұма күні таратылған арнайы сұхбатында: "АҚШ санкция салу арқылы Иранмен соғыс бастады. Вашингтонның Теһранға қарсы барынша қысымы шын мәнінде экономикалық терроризм болып табылады.

АҚШ шын мәнінде өзінің саяси мақсаттарын ілгерілету үшін Иранның бейбіт халқына қарсы барынша қысым жасау саясатын асыра пайдаланды. Халықаралық сипаттамада экономикалық терроризм деген саяси мақсаттар мен жетістіктерді ілгерілету үшін бейбіт адамдарға қарсы қатігездік жасау. АҚШ қазір осы тәсілді Иранның саясаттарын өзгерту үшін пайдаланып отыр.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео соғыс қылмыстарынан хабарсыздығына байланысты жақсы адвокат жалдағаны дұрыс", - деді.

 

 

 

Тегтер

Сараптама