Oct 20, 2019 17:27 Asia/Almaty
  • Бахрейн мен сионистік режим АҚШ-тың коалиция құруын жақтады

Жексенбі күні Бахрейнде кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында конференция басталды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, сионистік режим де Бахрейнде АҚШ-тың басқаруымен өтіп жатқан теңіз қауіпсіздігі отырысына қатысып отыр. Сионистік режимнің делегациясын Израиль СІМ-нің басшылары бастап келді.  

Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт пен Оман да қатысып отырған бұл отырыс сырттай қауіпсіздік мәселелерін талқылау мақсатында өтіп жатыр.

Теңіз қауіпсіздігі аймақ елдері үшін ғана емес, Парсы шығанағы аймағында теңіз және кеме қатынасы қауіпсіздігін қалайтын барлық елдер үшін өте маңызды. Бірақ Бахрейн отырысының негіздері – шын мәнінде Ираннан үркіту саясатын жалғастыру. Олар жоба жасап, ақпараттық кеңістік тудыру арқылы Иранды аймақта қауіпті ел деп таныстыруға күш салып жатыр.

Бұл конференция АҚШ-тың басқаруымен ақпан айында Варшавада өткен конференцияның жалғасы. Америкалық және батыстың көрнекті тұлғаларының көбі Варшава конференциясын жеңіліс тапқан, ұят цирк деп атады. Бұған қарамастан Бахрейн жаңа ақпараттық кеңістік тудыру арқылы Иранға қарсы осы саясатты жалғастыруды көздеп отыр.  

Бұл конференцияның Бахрейн Сыртқы істер министрінің дөрекі сөзімен бір мезгілде өтуі АҚШ, Израиль мен аймақтағы кейбір елдер ұйымдастырған осы оқиғалардың байланысын айқындай түседі.

Бахрейн Сыртқы істер министрі Халед бен Ахмад Але Халифе конференция өтер алдындағы негізсіз сөзінде Иранды Бахрейннің ішкі ісіне араласуда деп айыптап, Ираннан Бахрейнге қару-жарақ пен жарылғыш заттар тасымалданып жатыр деген уәж айтты.

Бахрейннің АҚШ-тағы елшісі Абдулла бен Рашед Але Халифе "The Washington Times" газетіндегі бір мақалада: "Манамадағы отырыс АҚШ армиясы Теңіз күштерінің орталық басқармасының халықаралық теңіз жаттығуының екі күнімен қатар келді. Бұл отырыстың мақсаты – кеме қатынасы еркіндігі мен еркін теңіз саудасын қолдау, сондай-ақ Иранның жауластығынан туындап отырған қауіп-қатерлерді анықтау",-деп жазды.

Парсы шығанағы аймағы соңғы айларда қайшылықтар мен текетірестердің ошағы болды. Оның себептері мен факторлары анық. Теңіз терроризмі мен кеме қатынасы қауіпсіздігіне қатер төндіру, мұнайдың еркін тасымалына тосқауыл қою да бөгделердің аймақ ісіне араласып, АҚШ әскерилерінің аймақта тұрақты базалар орналастыруының салдары болып табылады.

АҚШ саясаты аймақта текетірес тудырып, аймақта қалу сылтауын ақтап, мақсаттары мен жоспарларын орындау екені анық.

АҚШ-тың аймақта болуы және кейбір араб шейхтерінің Батыстың текетірес тудыруына жақтасуы аймақты тұрақсыздандырғаннан басқа нәтиже бермейді. АҚШ-тың аймақта теңіз коалициясын құруды баса айтуы да осы мақсаттағы қастандық болып табылады. 

 

   

Сараптама