Nov 03, 2019 19:00 Asia/Almaty
  • Йемен соғысында  судандық 8000 сарбаз қаза тауып, жараланды

Йемен Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы саудиялық коалицияның Йеменге қарсы соғысында Судан армиясының 8 мыңнан аса әскериінің қаза тауып, жараланғанын және жоғалып кеткенін хабарлады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Яхия Сари сенбі күні: "Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің режимдері әртүрлі елдердің, соның ішінде Суданның жалдамалыларын Йемендегі соғысты жалғастыру үшін пайдаланып жатыр",-деді.  

Өткен аптада Суданның өтпелі әскери кеңесі басшысының орынбасары Мұхаммад Хамдан Деқлу осы елдің 10 мың сарбазын Йеменнен шығару үдерісінің басталғанын хабарлады.

 

Тегтер

Сараптама