Nov 13, 2019 19:54 Asia/Almaty
  • Сионистік режим –  лаңкес

Сионистік режим қарашаның 12 күні таңертең Газа секторына қарсы мақсатты әрекетте Палестина исламдық джиһады басшыларының бірі Баһа Абу әл-Атаны шәһид етті.


Баһа Абу әл-Атаға жасалған террор туралы айтатын бірінші жайт, бұл алдын ала жоспарланған және мақсатты әрекет болды. Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 10 күн бұрын Израильдің Министрлер кабинетінің барлық мүшесі Баһа Абу әл-Атаға террор жасауға келіскенін айтты. Сондықтан бұл лаңкестік әрекет – сионистік режим тарапынан жасалған мемлекеттік терроризмнің айқын үлгісі.

Сионистік режимнің басшылары Баһа Абу әл-Атаға террор жасағаннан кейін оны қарулы қақтығыста атқарылған әскери әрекет деп сипаттауға талпынды. Осы негізде Израильдің кейбір ақпарат құралдары: "Баһа Абу әл-Атаға террор жасау шешімі оның Израильге зымырандық шабуылдарда рөл атқарғаны үшін қабылданды",-деп хабарлады. Бұл уәждер іс жүзінде соңғы апталарда Израиль мен Палестина қарсыласу топтары арасында әскери қақтығыстар болмаған жағдайда айтылды.

Баһа Абу әл-Атаға террор сионистік режимнің жаңа министрлер кабинетін құруда тығырыққа тірелген кезде жасалды.

Нафтали Беннеттің осы режимнің Соғыс министрі ретінде таныстырылғанына екі-ақ күн болды.

Сионистік режим өткен бір жылда қарсыласу топтарына қарсы ауқымды әскери амал жүргізудің тиісті нәтиже бермейтініне көзі жетті. Осы тұрғыдан жеңілістерінің қарымын қайтару үшін палестиналық басшылар мен қолбасшыларға террор жасауға кірісті. Осы орайда "Гаарец" газеті 2018 жылдың тамыз айындағы бір мақалада: "Израиль Газа секторына қарсы ауқымды әскери амалдар жүргізудің орнына жауапты тұлғаларға террор жасау саясатын қайта бастауды көздеп отыр",-деп жазды.

Баһа Абу әл-Атаға террор жасаудың сионистік режим үшін ауыр салдарлары болады. Палестина батальондары қолбасшыларының бірі Абу Моджаһед: "Баһа Абу әл-Атаға террор жасау және исламдық джиһад қозғалысының жоғары басшыларыны бірі Акрам әл-Аджуриді нысанаға алуға тырысу қарсыласу қозғалысымен қақтығысуды қайта бастаумен бірдей",-деді. Палестина исламдық джиһад қозғалысы баспасөз қызметінің жауапты тұлғасы: "Палестина исламдық джиһад қозғалысына қарасты әскери тармақ қолбасшыларының бірі Баһа Абу әл-Атаға террор жасау Израиль режимінің  палестиналықтарға соғыс жариялауымен бірдей",-деп қуаттады.

Қарсыласу топтары осы қылмыстан кейін 200-ге жуық зымыранды басып алынған жерлерге атты. Соның салдарынан 50-ден аса сионист жараланды. Сондықтан басып алынған жерлерді үрей мен қорқыныш жайлады.

Палестина қарсыласу топтарының Баһа Абу әл-Атаға жасалған террорға реакция ретінде басып алынған жерлерге көп зымыран атуы олардың қорғанатын заңды құқыққа ие екенін білдіреді. Бұл туралы БҰҰ Жарғысының 51-бабында айтылған. Сондықтан алдағы күндері Палестина қарсыласу топтары мен сионистік режим арасында ауқымды қақтығыстар болады. Бұл қақтығыстар Израиль режимінің жаңа кабинетінің құрылуына  әсер етуі ықтимал.  

 

Сараптама