Oct 20, 2019 21:51 Asia/Almaty
  • Оралхан Бөкей парсы тілінде сөйледі

Шығармалары әлемнің көптеген тіліне аударылған жазушы-драматург, журналист Оралхан Бөкейдің «Бес тиын» әңгімесін Айнаш Қасым тұңғыш рет парсы тіліне аударып, парсытілдес оқырмандарға ұсынды. Жазушының «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесінің де парсы тіліне аударылғанын, жуырда ирандық әдеби журналда жарияланатынын айтқан лазым.

Қазақ әдебиетінің ұлы ақыны Абайдың қара сөздері мен поэзиясының, М.Әуезов шығармаларының, Н.Келімбетовтың бір шығармасының парсы тіліне орыс тілі арқылы аударылғанын ескерсек, парсыға аударылған шығармалардың саны саусақпен санарлық. Парсытілдес оқырманның қазіргі қазақ әдебиетінің тыныс-тіршілігімен көп таныстығы жоқ екені де аударма ісінің кенжелігімен тікелей байланысты. Оның үстіне шығарма делдал тіл арқылы аударылған кезде оның ұлттық реңкінің солғындай түсетіні де шындық.

Осындай жағдайда Оралхан Бөкей шығармаларын парсы тіліне аудару үдерісінің басталуы көңіл қуантатын  іс.

 

 

Тегтер

Сараптама