Мамыр 19, 2019 18:40 Asia/Almaty
  • Украина Президенті Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

Украина Президенті осы елдің шығысындағы Донбасс аймағы туралы Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

"РИА Новости" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Зеленский бір мәлімдемеде Украина, Ресей, Франция мен Германия елдерінен тұратын "Нормандық төрттік" тобы аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен тікелей келіссөз өткізуге дайын екенін айтты.  

Зеленский осыдан бұрынырақ Украина-Ресей келіссөздерінде Батыс елдері өкілдерінің қатысу қажеттігін қуаттаған болатын.

"Нормандық төрттік" тобына мүше елдер басшылары екі жыл бойы Украинаның шығысындағы қақтығысты шешу үшін келіссөз өткізіп келеді.

Тегтер

Сараптама