Маусым 04, 2019 18:50 Asia/Almaty
  • Помпео Иранның

АҚШ-тың 2018 жылдың мамыр айында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шыққанына қарамастан, осы елдің басшылары өз ұстанымдарында Иранның осы ядролық келісімдегі міндеттемелерін орындамау ықтималына алаңдаушылық білдіріп отыр.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өз елінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, 2018 жылдың тамыз және қараша айларында Иранға біржақты санкциялар, әсіресе мұнай саласына санкциялар салғанына көңіл аудармастан, бұл келісімнің жойылу перспективасына алаңдаушылық білдірді.

Помпео дүйсенбі күні Швейцарияның Берн қаласында тілшілерге берген сұхбатында АҚХА-ның жуырдағы есебінің Иранның ядролық келісімге беріктікті сақтаудан бас тарту ықтималына қатысты алаңдаушылық тудырғанын айтты. Помпео: "Ақ үй бөлінгіш заттар өндіруге қатысты ғана емес, Иранның ядролық бағдарламасының басқа элементттерінен де алаңдайды",-деді.

Помпеоның бұл уәждері АҚХА-ның бас директоры Юкия Аманоның жұма күні жасаған маусымдық есебінде Иранның ядролық келісімде белгіленген шектеулерден аспағанын, белгіленген межелер, соның ішінде  уранды байыту деңгейі мен байытылған уранды сақтау көлемінің сақталғанын растаған жағдайда айтылды.

Мынадай сауал туындайды: егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында белгіленген міндеттемелерді орындамау теріс іс болса, неге АҚШ өзінің ресми міндеттемелеріне көңіл аудармастан, біржақты негізде ешбір себепсіз одан шығып кетті? Басқа сөзбен айтқанда, егер Вашингтон "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын  Иранның ядролық бағдарламасын бақылауда ұстауға тиімді құрал деп санаса, неге одан шығып кетті? Мұнымен бір мезгілде Теһраннан оған берік болуды талап етеді?

Помпео Дональд Трамптың АҚШ-тың ядролық келісімнен шығу себебін Вашингтонның мақсаттары мен тілектерінің орындалмағаны және Иранның ядролық қаруларды иеленуге талпысыны деп атағанын ұмытып кеткен сыңайлы. Трамп үкіметінің заңсыз талаптарының бірі – Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын толығымен тоқтату. Помпеоның Иранға қойған  12 баптық шартында да бұл айтылған. Ал шын мәнінде Вашингтонның бұл талабы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы.  

Мұнымен қоса, Помпеоның бұл сөздері АҚШ-тың ядролық келісімнен шыққанынан бір жыл өткенде және еуропалықтардың Вашингтон тарапынан Иранға салынған санкциялардың шығынын өтеу үшін өз міндеттемелерін орындауда уәде бұзғанынан кейін ИИР-ның 2019 жылдың 8 мамырында ядролық келісімнің 26 және 36 тармақтарына қатысты өз міндеттемелерін азайтатынын жариялаған кезде айтылды. Иран Атом қуаты ұйымы уранды байыту деңгейінің 3,67 пайыздан 4 есе өсірілетінін мәлімдеді.

АҚХА өз есебінде Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында белгіленген межелер, соның ішінде уранды байыту деңгейі мен байытылған уранды сақтау көлемін сақтағанын растады. Бұл Иранның әлі де ядролық келісім аясында әрекет етіп отырғанын, бірақ жуырда бұл шектеуден шығатынын көрсетеді.

Трамп үкіметі мен еуропалықтар АҚШ-тың үдемелі қысымдары мен санкцияларына қарамастан, Теһран ядролық келісімдердегі өз міндеттемелерін қайта қарауға қатысты шара қолданбайды деп ойлады. Бірақ бүгінде америкалықтар басқа перспективамен бетпе-бет келіп отыр. Бұл мәселе АҚШ Мемлекеттік хатшысының алаңдаушылығын тудырды.

Тегтер

Сараптама