Aug 09, 2019 18:23 Asia/Almaty
  • Ресейдегі Ақ теңіздің бір бөлігінде кеме қатынасына тыйым салынды

Ресейдің солтүстік-батысында қанды жарылыстан кейін Ақ теңіздің бір бөлігінде кеме қатынасына тыйым салынды.

"Интерфакс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Архангельск айлағының басшылары: "Бейсенбі күні осы айлаққа жақын маңда қанды жарылыс болғаннан кейін Ақ теңіздің бір бөлігінде кеме қатынасына бір айға тыйым салынды",-деп хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Ресей басшылары алдағы бір айда кемелердің "Солтүстік Двина шығанағы" деп аталатын аймақтан қатынай алмайтынын айтты.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі кеше: "Ресейдің солтүстік-батысында орналасқан Архангельск облысының Ненокса ауылындағы әскери базада болған жарылыс салдарынан 2 адам қаза тауып, 15 адам жараланды. Жарылыс зымыран моторын сұйық отынмен сынау барысында орын алған",-деп хабарлады.

Тегтер

Сараптама