Sep 03, 2019 20:21 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің Парсы шығанағы аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуден сауда қарым-қатынастарды кеңейтуге байланысты келісімдері

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбіде Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен Мәскеуде өткізген ортақ баспасөз отырысында екі елдің арасындағы кешенді келісімдердің қабылданғандарын хабарлады.

Лавров Зарифпен Иран мен Ресейдің көптеген мәселелері жөнінде пікір алмасқанына тоқталып: "Осы кезде шиеленіспен бетпе-бет келген Парсы шығанағы аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келістік.  Иран мен Ресейдің пікірінше, бұл аймақтың қауіпсіз болуы аймақтың барлық мемлекеттерінің мүддесіне. Бұл салада Иран мен Ресей тарапының бастамалары мен мүдделері белгілі. Көптеген мәселелерге байланысты Иран мен Ресей келісімдері екі елдің көптеген жәйттердегі пікірлерінің ұқсастығын көрсетеді",- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың Парсы шығанағындағы орналасуын аймақтағы шиеленістің артуына себеп болуда деп білген Лавровпен өткізген келіссөздерінің соңында Иран мен Ресейдің әсіресе Парсы шығанағының қауіпсіздігіне байланысты ұстанымдарының жақын екенін қуаттады.  Бұл ынтымақтастықтар Батыс Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды. Сондай-ақ Зариф пен Лавровтың баспасөз отырысында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мәселесі талқыланды.   Зариф АҚШ-тың өткен бір жылдағы әрекеттері халықаралық келісімнің жұмысының жалғасуына тыйым салу болғанына тоқталып: "Иран АҚШ-тың бұл саясатынан хабардар болып, осы кезге дейін стратегиялық сабыр сақтады. Бірақ өкінішке орай Еуроодақ пен халықаралық қоғамның басқа мүшелері АҚШ-тың қысымдарына қарсы тұра алмады. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 26 және 36-шы баптары бойынша, егер еуропалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасыындағы міндеттемелерін орындай алмаса, Иран үшінші қадамын іске асыра алады",- деді.

Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту саласындағы үшінші қадамын АҚШ-тың өткен бір жылда аталмыш келісімнің орындалуына қастық жасап, кейбір еуропалық мемлекеттер АҚШ-тың санкцияларына қосылып, Иранның және Иранмен сауда қарым-қатынас орнатқан елдерінің көбінің экономикалық мүдделеріне шығын келтірулерінен кейін іске асырылмақ. Мұндай жағдайда АҚШ-тың саясаттарына қарсыласу үшін мәлімдеме шығару жеткілікті емес. Қауіпсіздік тұрғыдан да өткен жылдардың тәжірибесі АҚШ-тың аймақ істеріне араласуы, Ауғанстанға шабуыл жасауы, Ирак, Сирия мен Йемендегі лаңкестігі мен соғысы аймақтағы қауіп-қатердің ең маңызды факторлары болуын көрсетті. Бұл тынышсыздықтарға қарсыласу үшін аймақтық стратегиялық ынтымақтастықты нығайту қажет.

 

Тегтер

Сараптама