Sep 05, 2019 16:57 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан өзара қарым-қатынасты жан-жақты дамыту қажеттігін қуаттады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі мен Қазақстанның Ирандағы елшісі қос тараптың тиімді парламентаралық қарым-қатынасы мен парламенттік достық топтарының жұмысына ризалық білдіріп, екі елдің байланыстарын жан-жақты дамыту қажеттігін қуаттады.

Хосейн Амир Абдуллахиан Асқат Оразбаймен кездесуінде екі елдің қарым-қатынасына тоқталып: "Иран мен Қазақстанның әлеуеттерін әртүрлі салаларда қарым-қатынасты одан ары нығайту үшін пайдалану керек",-деді.

Амир Абдуллахиан Еуразия экономикалық одағына мүше елдер Парламенттерінің отырысын өткізуді маңызды деп атап: "Елдер арасындағы байланыстарды дамытуда Парламенттердің дипломатиялық рөлі айтарлықтай",-деп еске салды.

Ирандағы Қазақстан елшісі де осы кездесуде екі елдің қарым-қатынасын оңды деп бағалап, байланыстарды жан-жақты дамыту қажеттігін қуаттады.

Оразбай, сондай-ақ, өзара экономикалық қатынасты кеңейту үшін ирандық және қазақстандық іскерлердің байланыстарын жеңілдету қажеттігін айтты.

Тегтер

Сараптама