Sep 08, 2019 19:27 Asia/Almaty
  • Ресей мен Украина тұтқындармен алмаса бастады

Ресей мен Украина басшылары екі ел арасында тұтқындармен алмасу басталғанын хабарлады.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей мен Украина арасында тұтқындармен алмасу үдерісін орындау барысында сенбі күні Киевтегі бір сот ресейлік тілшіні босату үкімінің шығарылғанын растады. Одан кейін украиндық тұтқындардан тұратын екі автобус Мәскеудің бір түрмесінен шықты.

Осы мәліметке сәйкес, Украина Президенті  Владимир Зеленский Мәскеумен арада болған тұтқындармен алмасу амалдарын соғысты аяқтау жолындағы алғашқы қадам деп атады.

Ресей басшылары: "Украина соты тарапынан ресейлік тілші Кирилл Вышинскийді босату туралы үкімнің шығарылғанын және оның Мәскеуге қайтып оралатынын растады",-деп хабарлады.

Вышинский 2018 жылдың 15 мамырында Киевте Украинаның шығысындағы оппозиционерлерге жақтасты деген айыппен тұтқындалған болатын. Оған 15 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған болатын.

Тегтер

Сараптама