Sep 14, 2019 12:35 Asia/Almaty
  • Зариф: «Б» тобында Трамптың ең жақсы досы бар кезде АҚШ-қа дұшпан қажет емес

Иран Сыртқы істер министрі «Политика» газетінің Израиль режимінің Ақ үйдегі тыңшылығы туралы мақаласына тоқталып: «Б» тобында Дональд Трамптың ең жақсы досы бар кезде АҚШ-қа дұшпан қажет емес»,-деді.

АҚШ-тың «Политика» газеті бір мақалада осы елдің жоғары лауазымды тұлғаларына сілтеме жасап: «Израильдің адамдары Ақ үй мен АҚШ астанасындағы басқа да мемлекеттік мекемелерде тыңшылық құралдарын орнатты»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында: «Б» тобы тағы шабуыл жасады»,-деп жазды.

Зариф Трампқа: «Қазынасын талан-таражға салып, сыртқы саясатын кепілдікке алып, ел басшысына тыңшылық жасайтын адамы бар АҚШ-қа дұшпан керек емес»,-деп жазды.    

Тегтер

Сараптама