Sep 14, 2019 13:09 Asia/Almaty
  • Иран Ішкі істер министрі: Елдердің жақсы қарым-қатынасы арқасында аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнайды

ИИР Ішкі істер министрі жұма күні Бішкекте Қырғызстанның Премьер-министрі Мұхамедкалый Абылғазиевпен кездесуінде АҚШ-ты сенімсіз ел деп атап: «Аймақ елдері бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату арқылы барша үшін бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдурреза Рахмани Фазли осы кездесуде АҚШ пен сионистік режимнің аймақтағы лаңкестерге қаржылай және қару-жарақпен қолдау көрсетіп отырғанын айтып: «АҚШ пен сионистік режим лаңкестікті қолдау арқылы аймақтағы өз мүдделерін қамтамасыз етуді көздейді»,-деді.  

ИИР Ішкі істер министрі: «АҚШ ислам әлемінде қайшылық тудыруды көздейді. Ал Иран аймақта тұрақты бейбітшілік, бірлік пен қауіпсіздік орнатуға талпынып жатыр»,-деді.

Қырғызстанның Премьер-министрі осы кездесуде Иранның Қырғызстанға жасаған көмектеріне алғыс айтып, екі ел қарым-қатынасы тарихына тоқталып: «Бішкек Теһранмен барлық салаларда, әсіресе экономика саласында әріптестікті кеңейтуді қалайды»,-деді.   

Сараптама