Sep 18, 2019 19:34 Asia/Almaty
  • Қытай АҚШ-тың қысым көрсету арқылы араб елдерінің  Huawei компаниясымен ынтымақтастығын тоқтату талпынысын  сынады

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың қысым көрсету арқылы араб елдерінің Huawei компаниясымен ынтымақтастығын тоқтату талпынысын сынады.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин АҚШ-тың араб елдерінің Huawei компаниясын арасындағы ынтымақтастығын тоқтату үшін оларға қысым көрсетуіне реакция білдіріп, АҚШ-тың үнемі халықаралық заңдарды бұзатынын қуаттады. Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: "Америкалық компаниялар жылдар бойы өздерінің байланыс технологиялары арқылы басқа елдерде тыңшылықпен айналасуда. Бірақ бұл салада Қытайды айыптағысы келеді",- деді. АҚШ федералды байланыс комиссиясының басшысы Аджит Пай өткен аптада Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі мен Бахрейнге жасаған сапарында бұл елдерден Huawei компаниясы өнім пайдаланбауды талап етті. АҚШ-тың басқа, әсіресе араб елдердің Huawei компаниясының өнімдерін пайдалануының алдын алу бағдарламасы – Ақ үйдің Бейжинге қарсы сауда соғысының бір бөлігі. 2018 жылдың желтоқсанынан Дональд Трамптың шешімімен Қытай мен АҚШ арасындағы қайшылықтар артты. АҚШ үкіметі қытайлық Huawei компаниясын тыңшылық бағдарламасымен айыптап, дүниежүзіне замануи байланыс қызметі мен оған қажет технологиялардың жаңа буының ұсынып отырған бұл алып компанияға әртүрлі елдерге өз өнімдерін сатқызбауды көздеуде.  Нәтижесінде Huawei компаниясы бәсекеден шығып, әлем нарығындағы оның орны америкалық компанияларға қалады. АҚШ үкіметі Huawei компаниясының әртүрлі елдердегі нарығына саяси қысым көрсетуімен бірге бұл компанияның өзіне де құқылық қысым көрсетуде. Осы салада 2018 жылдың желтоқсан айында Канада полициясы АҚШ-тың тапсырысымен Huawei компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоуды қамауға алды. Бірақ кейін төлем кепілі арқылы азат етілді. Осы кезде ол АҚШ-қа экстрадицияланбақ. АҚШ  Huawei компаниясын "кейбір елдерге Ақ үйдің санкцияларын айналып өтуге көмектесті" деп айыптады. Бірақ Қытай компаниясының басшылары бұл айыптарды саяси деп, қабылдамады.

Дональд Трамп АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін компаниялардың жабдықтарын сатып атуға тыйым салатын шешіміне қол қойған соң, Huawei компаниясы ресми түрде Ақ үйдің санкциялық қара тізіміне тіркелді.   Huawei компаниясымен ынтымақтастық етпеулері үшін АҚШ өз одақтастарына қысым көрсеткенімен, айтарлықтай нәтижеге жетпеді.     

 

Сараптама