Sep 21, 2019 13:15 Asia/Almaty
  • Зариф:  Иранның Орталық банкіне санкция салу АҚШ-тың сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ тарапынан Иранның Орталық банкіне қайта санкция салынуын оның сәтсіздікке ұшырағанын көрсететінін айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні кешке Нью-Йоркте тілшілерге берген сұхбатында  АҚШ тарапынан  Иранның Орталық банкіне қайта санкция салынуын орталық банктердің иммунитеті туралы барлық халықаралық міндеттемелерді бұзу екенін айтып: «АҚШ бір институтқа әртүрлі атаулармен бірнеше рет санкция салып отыр. Бұл оның барынша қысым жасау саясатының жеңіліс тапқанын көрсетеді»,-деді.

Зариф: «АҚШ Иранның Орталық банкіне қайта санкция салу арқылы халықаралық алыс-беріске және Иран халқына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге тосқауыл қоюды көздеп отыр»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, АҚШ-тың сәрсенбі күні өтетін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясына қатысу ықтималы туралы: «Мұндай мәселеге ұсыныс жасалмады. Алайда АҚШ комиссия отырысына қонақ немесе мүше ретінде қатысуы үшін алдымен Иранға қарсы экономикалық соғысын тоқтатуы тиіс»,-деді.  

Тегтер

Сараптама