Sep 21, 2019 20:51 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас ассамблеясы – әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы ұстанымдар мен көзқарастарды баяндау үшін берілген мұрсат

БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші саммиті өткен аптаның сейсенбі күні осы ұйымның Нью-Йорктегі резиденциясында басталды.

АҚШ-тың бүлдіргі әрекеттеріне қарамастан, биыл да ИИР БҰҰ Бас ассамблеясының саммитіне белсенді түрде қатысып, әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы өзінің ұстанымдарын ашық баяндайды.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні, 16 қыркүйекте Нью-Йоркке баруы тиіс еді, бірақ АҚШ үкіметі тағы бір жауластық әрекетінде ирандық делегацияға визаны кешіктіріп берді.

БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші саммиті АҚШ үкіметінің ең негізгі көпжақты ұйым ретіндегі БҰҰ-ны әлсірету мақсатында біржақты әрекеттер жасаған жағдайда өз жұмысын бастады. Трамптың біржақтылықты алға тартуы әлемде жаңа түйткілдер тудырды.

Халықаралық істер жөніндегі сарапшы Данил Ларисан "American Conservative" атты журналда шыққан сараптамалық мақаласында Иранға барынша қысым жасау саясатына шолу жасап: "Трамп Иранның ядролық келісімінен біржақты негізде шыққан соң сырттай жақсырақ келісімге келу мақсатында Иранға қарсы экономикалық санкциялар салуға кірісті. Барынша қысым жасау саясатының нәтижелері қазір айқын: Парсы шығанағында тұрақсыздық артты...",-деп жазды.

Халықаралық қауымдастық АҚШ-тың біржақты саясатына қатаң түрде қарсы тұрып, қазіргі заманда санкциялардың істен шыққан тиімсіз құрал екенін, АҚШ-тың ұлттар мен мемлекеттердің әріптестігіне тосқауыл бола алмайтынын көрсетуі керек.

Шындық мынада: АҚШ-тың ішкі іске араласушы саясаттары Сирия, Ирак пен Йемендегі бірнеше жылдық қайшылықтар сияқты апатты соғыстардың туындауына әкеліп соқтырды. Сонда да АҚШ-тың саясаткерлері Иранды аймақта тынышсыздық пен соғыстың себепшісі деп таныстырып келеді.

АҚШ соңғы апталарда Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әртүрлі елдерден тұратын коалиция құруға талпыныс жасады. Бірақ бұл саясаттың мақсаты – тек қару-жарақ сату нарығын қыздыру және Парсы шығанағы маңындағы Трамптың "сауынды сиыр" деп сипаттаған араб елдерін сау.

Танымал америкалық теоретик Ноам Чомский: "АҚШ Иранды бейбітшілікке төнген ең үлкен қауіп санайды. Ал әлемнің пайымдауынша, АҚШ әлемдегі бейбітшілік үшін ең үлкен қатер болып отыр",-деді.

Көптеген саяси сарапшылар мен дипломатиялық орталар Иран Президенті  мен Сыртқы істер министрінің БҰҰ Бас ассамблеясының биылғы саммитіне қатысып, сөз сөйлеуін аймақтық мәселелерді ескеріп, аса маңызды санайды және америкалықтар басшылардың бұл сөздерге ерекше назар аударатынын айтып отыр.

Сараптама