Sep 22, 2019 14:09 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ пен сионистердің қалауы – аймақ халықтарының араздығы

Иран Президенті аймақ халықтары арасындағы араздықтың АҚШ пен сионистердің қалауы екенін айтып: «Иранның ойы – Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында іштен қауіпсіздік қалыптастыру. Шетелдік күштердің аймақта болуы түйткіл тудырады»,-деп қуаттады.

Хасан Рухани жексенбі күні Қасиетті қорғаныс аптасын ашу рәсімінде елдің Қарулы күштері мен халық айбынының арқасында дұшпандардың исламдық Иранға басқыншылық жасауға батылының жетпейтінін айтып: «Иран халқы бірлік, біртұтастық пен табандылығын сақтай отырып, Шығыс пен Батыстың қоқан-лоққысынан да, олардың қару-жарақтарынан да қорықпайды, арабтың ақшасына да бас ұрмайды»,-деді.

Рухани үстемшіл алпауыттардың, соның басында АҚШ-тың әрдайым аймақ елдерінің тынышсыздық пен бақытсыздыққа ұшырап, қиындықтарға шырмалып, мүдделерінің аяққа тапталуын көздейтінін айтып: «Америкалықтардың Ауғанстан, Ирак, Парсы шығанағы мен аймақтың кез келген жерінде болуы үнемі тынышсыздықтың туындауына себеп болды»,-деді.

Иран Президенті биыл БҰҰ-да «Үміт коалициясы» және «Ормуздың бейбіт бастамасы» деген ұрандармен сөз сөйлетінін айтып: «ИИР аймақ елдерінің әріптестігімен Парсы шығанағы мен Оман теңізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады»,-деді.  

Тегтер

Сараптама