Sep 26, 2019 14:05 Asia/Almaty
  • Зариф еуропалық елдерді

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф еуропалық елдерді "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға қатысты уәделерінде тұрмағаны үшін сынады.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Нью-Йоркте Иран және «4+1» тобына мүше елдердің (Қытай, Ресей, Германия, Франция және Ұлыбритания) Сыртқы істер министрлерінің отырысында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шығуының салдарларын баяндап, үш еуропалық елдің жуырдағы сындарсыз сөздері мен мәлімдемелерін айыптады.  

Ұлыбритания, Германия мен Франция дүйсенбі күні жасаған мәлімдемеде ешқандай дерекке сілтеме жасамастан, Теһранның йемендік ұшқышсыз ұшақтардың Сауд Арабиясындағы мұнай нысандарына қарсы амалдарына қатысы бар деген уәж айтты.

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында өткен отырыста Иран, Қытай, Ресей, Германия мен Франция Сыртқы істер министрлері мен Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини және Ұлыбританияның өкілі ортақ мәлімдеме жасап, барлық тараптардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық әрі әсерлі орындауының маңыздылығына тоқталып, осы келісімді сақтауға бағытталған талпыныстарды жалғастыруға қажет ерік-жігерге ие екендерін қуаттады.  

 

Тегтер

Сараптама