Sep 27, 2019 18:27 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранның медицинасы мен дәрі-дәрмек санкциялары – экономикалық лаңкестік

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың Иранның медицинасы мен дәрі-дәрмегіне салып отырған санкцияларын экономикалық лаңкестік деп атап: «Халықаралық қоғамдастық АҚШ пен қолдаушыларын бұл қылмысты тоқтатуға мәжбүрлеуі керек»,- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні кешке БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында Нью-Йоркте өткен сақтандыру мәселесіне байланысты отырыста: «АҚШ-тың «мейілінше қысым» саясаты қарапайым ирандық азаматтарды қиындықтарға тіреді. Бұл санкциялар медициналық жабдықтарды сатып алу үшін қажет қаржы айналымына кедергі жасауда. Үкіметтің саясаттарын өзгерту мақсатында жасалып жатқан қысымдар классикалық лаңкестіктің белгісі. Бұл жолғысы экономикалық лаңкестік»,- деді.

 

 

Тегтер

Сараптама