Oct 12, 2019 15:27 Asia/Almaty
  • Каспий маңы елдерінің әскери ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды

Каспий маңы елдері Теңіз күштерінің қолбасшылары Ресейдің Санкт-Петербург қаласында әскери ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Иран армиясы Теңіз күштерінің қоғамдық қатынастар бөлімінің хабарлауынша, Иран армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы контр-адмирал Хусейн Ханзади жұма күні Каспий маңы елдері Теңіз күштерінің бес қолбасшысының ынтымақтастық меморандумына қол қойғанына тоқталып: "Бұл бес жақты меморандумда білім беру, әскери амалдар жүргізу, құтқару және ақпараттармен алмасу мәселелері қамтылған. Теңіз күштерінің бес қолбасшысы осы отырыста оқу-білім және техникалық қажеттіліктер, су беті және су асты кемелерін жасау және жөндеу мәселелерін бір-бірінің әлеуеттерін пайдалану арқылы шешу керек деген нәтижеге жетті", -деді.

Осы мәлімет бойынша, аталмыш ынтымақтастық меморандумына Иран, Ресей, Қазақстан, Түркіменстан және Әзірбайжан басшылары бөгде елдердің Каспий теңізі істеріне араласпауы туралы қаулыны бекіткен соң қол қойылды.

 

Тегтер

Сараптама