Oct 12, 2019 18:39 Asia/Almaty
  • Қызыл теңізде ирандық танкерге жасалған шабуыл – кеме қатынасының қауіпсіздігін бұзуға бағытталған қастандықтың жалғасы

Жұма күні ирандық SABITY танкері Қызыл теңізден өтіп бара жатқанда екі жақтан апатқа ұшырады.


Сауд Арабиясының Джидда айлағынан 60 миль жерде танкердің корпусында жарылыс болып, мұнайдың бір бөлігі бұзылған цистерналардан теңізге төгілді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сейіт Аббас Мусави ирандық танкердің  Қызыл теңізде нысанаға алынғанына пікір білдіріп: "Иранның ұлттық танкерлер компаниясының зерттеулері бойынша, ирандық кеме Қызыл теңіздің шығыс жағалауына жақын маңнан өтіп бара жатқанда жарты сағатта екі рет нысанаға алынды",-деді.

Қызыл теңізде ирандық танкерге жасалған шабуыл ақпараттық құралдар мен кейбір елдердің, соның ішінде Ресей мен Қытайдың реакциясына ұшырады.

ИИР аймақ пен аймақтан тыс жерлерде осы аймақ қауіпсіздігін бұзу жобасын орындағысы келетін ағымдар мен елдердің бар екендігі жайлы бірнеше рет ескерту жасаған болатын.

Иранның стратегиялық зерттеулер орталығындағы жаһандық зерттеулер бағдарламасының басшысы Диако Хусейни осыдан бұрын Оман теңізінде екі танкерге жасалған күдікті шабуылдарға, одан бірнеше апта бұрын БАӘ-нің жағалауына жапсарлас Фуджейра айлағында бір танкерге тура осындай шабуылдың жасалғанына тоқталып, осы оқиғалардың артында тұрған факторлар жайлы болжамдар айтты.

Кемелерге қарсы лаңкестік шабуылдардың ауқымды салдарлары болуы мүмкін. Батыстық басшылар мен бақылаушылар тарапынан танкерлердің қауіпсіздігін сақтау үшін ұсынылған болжамдардың өздері ойлануға тұрарлық. Өйткені олар текетірестерді халықаралық дағдарысқа айналдыра алады.  Мұндай лаңкестік әрекеттердің мақсатының аймақ елдерін бір-біріне айдап салу болуы әбден мүмкін.

Өткен бірнеше айда аймақта жүзеге асырылған жобалар, соның ішінде Ұлыбритания күштерінің Гибралтар бұғазында Иран мұнайын тасушы бір танкерді тоқтатуына қатысты қарақшылық әрекеті аймақта текетірес тудыру үшін жасалды.  Бұл Ақ үй мен оның реакцияшыл одақтастары ұстанып отырған жол. Олар Иранға қарсы коалиция құру арқылы пікір ортақтығын тудырып, Теһранды осындай шығындардың себепкері деп таныстыруды көздеп отыр.

Кеше Иранның танкеріне жасалған шабуылды өткен бірнеше айдағы қақтығыс тудыру бағдарламасы аясындағы қастандықттың жалғасы деп сараптауға болады. Олар кеме қатынасы жолдарының қауіпсіздігін бұзу арқылы Иранның айналасында текетіреске толы орта қалыптастыруды мақсат етеді.

Парсы шығанағы мен халықаралық суларда ушығып кеткен теңіз қарақшылығы – қатерлі ойын. Оның соңы аймақты жақсылыққа апармайды.  

 

Сараптама