Oct 15, 2019 21:19 Asia/Almaty
  • Трамп Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылына рұқсат бергенімен енді санкцияға көшті

АҚШ Президенті Дональд Трамп Сирияның солтүстігіндегі америкалық күштерді шығарып, Түркияға бұл аймаққа шабуыл жасауға жол ашты. Енді ұстанымын өзгертіп, Анкараға санкция салуды бұйырды.


Дональд Трамп дүйсенбі күні 14 қазанда мәлімдеме жариялап, Түркияға салатын санкцияларының егжей-тегжейін мәлімдеді. АҚШ Президенті мәлімдемесінде Түркияның қазіргі және бұрынғы басшылары мен Сирияның солтүстігінде тұрақсыздық тудыруға көмек көрсеткен Түркияның адамдарына санкция салуға рұқсат беретін бұйрық шығарғанын хабарлады. Трамптың айтуынша, Түркиядан импорттайтын болаттың тарифін  50 пайызға көтермек. Сондай-ақ, АҚШ Сауда министрлігінің Түркиямен 100 миллиард долларлық сауда келісіміне байланысты келіссөздерді тоқтатпақ.  Трамп: "Түркия басшылары бұл қатерлі жолды жалғастыратын болса, мен Түркияның экономикасын тез арада құлдыратуға толық дайынмын",- деп қоқан-лоққы жасады. АҚШ Конгресінің Түркияға қарсы қатаң шара қолдану және санкциялар салуға байланысты қысымдары мен Трамптың Анкараға Сирияның солтүстігіне шабуыл жасауға рұқсат беруіне қатысты сындар оны Түркияға деген ұстанымын өзгертуге мәжбүрледі. Бұдан бұрын Түркияның экономикасын құлдыратуға уәде берген Трамп аса маңызды емес бірнеше санкциямен шектелді. Бұл мәселе Трамптың екінші жақты қорқыту үшін қатты қоқан-лоққы көрсететінін, бірақ жеме-жемге келгенде оларды іске асыруды мақсат етпейтінін немесе іске асыра алмайтынының белгісі. Айта кетен жайт, Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған Еуропа мен АҚШ-тың саяси қысымдары және Анкараға қарсы қару, экономикалық және сауда  санкцияларының басталуына қарамастан Сирияның солтүстігіндегі Түркия күштерінің әрекеттерін тоқтатуға асығып отырған жоқ. Ердоған Түркияның экономикасы АҚШ-тың санкцияларына шыдайды немесе қазіргі кезеңде Трамп үкіметінің санкциялары бұл елге шынайы соққы бере алмайды деп ойлайтын болар. Трамптың іске асырған жобаларына назар аударып, Вашингтонның Түркияға Сирияның солтүстігіне шабуыл жасауға жол ашуымен және енді бұл әрекеттерді тоқтатуға қысым көрсетуімен Анкараны аяқталмайтын соғыстың батпағына батыруды көздейтіні белгілі болып жатыр. Өйткені Түркияның әскери операциясына еуропалықтар қатты реакция білдіріп, қару-жарақ санкцияларымен бірге келешекте экономикалық санкциялар салуды жоспарлап отыр. Анкараның Еуроодақпе қарым-қатынасы күннен күнге нашарлап келеді. Вашингтон сондай-ақ Түркияның АҚШ-тың Ресейден С-400 зымырандық жүйесін сатып алмау, Ресей және Қытаймен қарым-қатынасын арттырмау талаптарын тыңдамауына байланысты қазіргі сылтаулармен Анкараны санкциялармен жазалағысы келеді.

 

 

Тегтер

Сараптама