Oct 16, 2019 21:03 Asia/Almaty
  • Ресей Түркия мен Сирияның қайшылықтарын саяси жолмен шешуді қуаттады

Ресей Сириядағы негізгі ойыншылардың бірі ретінде Түркияның Сирияның солтүстігіне жасаған шабуылына қатысты ұстанымын білдірді. Мәскеу Сирияның заңды үкіметінің негізгі одақтастарынан Дамасктің рұқсатынсыз бұл елде орналасқан шетелдік күштердің шығуы мен Сирияның территориялық тұтастығын сақтау қажеттігін әрдайым қуаттап келеді.

Мәскеу Түркияның қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылықтарын түсінетінін қуаттауымен бірге Сирияның егемендігі мен территориялық тұтастығының сақталуын, сондай-ақ Сирияның орталық үкіметінің елінің бүкіл аймағын өз бақылауына алуы қажеттігін мәлімдеді. Түркияның Сириядағы дағдарысты саяси жолмен шешуді мақсат ететін «Астана тобының» мүшесі болуы мен Ресейдің Түркия және Сириямен қатынасына көңіл бөліп, Ресейдің жоғары басшылары Анкара мен Дамаск арасындағы қайшылықтарды шешетін келіссөздердің қажеттігін қуаттап отыр. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Біз Түркияның өз шекарасындағы қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтарын түсінеміз. Бірақ алаңдаушылықтарды Дамаск пен Анкара арасындағы 1998 жылғы «Адана» келісімі негіздерінде қарастыруды қуаттаймыз»,- деді.

1998 жылдың 20 қазанындағы «Адана» келісімі бойынша, Сирия мен Түркия бір-бірінің жеріне лаңкестердің кіруінің алдын алуға келісіп,  Түркия армиясы қажет жағдайда лаңкестерді басып-жаншу үшін Сирия жеріне 5 км ену рұқсатына ие болды. «Адана» келісімі бойынша Сирия Түркия жеріне лаңкестердің енуінің алдын алу міндеттемесін орындау үшін өз армиясын сол елдің шекарасында орналастыратын болған. Сөйтіп Түркиямен ортақ шекарада Сирия армиясы орналасқан жағдайда Түркия армиясының ену қажеті жоқ екені белгіленді. Дамаск Сирияда дағдарыс пен азамат соғысы басталған соң үнемі Түркияны бұл келісімді өз мүддесіне пайдаланып, ішкі жағдайға араласумен айыптады. Түркия лаңкестік топтарды қарумен жабдықтау әрекеті және оларға логистикалық көмектері, сондай-ақ, лаңкестік топтар арқылы Сирияның жерін басып алуынан кейін 2011 жылдан бері «Адана» келісімінің баптарын іске асыру тоқтады. Негізінде бұл келісімді іске асыру мүмкіндігі  екі елдің шекара жағдайы бұрынғы қалпына оралып, Түркия үкіметі «Адана» келісіміне табандылық білдірген жағдайда туады. Сондықтан Анкара лаңкестерді қолдауды тоқтатып, өз әскери күштерін Сирия жерінен шығаруы керек. Бұл жағдайда Дамаск пен Анкара екі ел шекарасының қауіпсіздігіне кепіл болған келісімді қайта іске асыра алатын болады. Бұл салада әсіресе АҚШ-тың араласуы байқалып отыр. Трамп  Сирияның солтүстік шекарасынан  20 шақырым тереңдікте қауіпсіз аймақ құруды қолдады. Негізінде «Адана» келісімі бойынша бұл дұрыс емес. Ресей Сыртқы істер министрінің пікірінше, Түркия мен Сирия шекарасындағы лаңкестік белсенділікті басу үшін ортақ талпыныстар  қарастырылған «Адана» келісімін іске асыру америкалықтар мен олар басқаратын Евфраттың шығысындағы коалицияның әрекеттері салдарынан қиындықтармен бетпе-бет келді. Ресей екі ел арасындағы шиеліністі азайту үшін Анкара мен Дамаск арасында арағайындық жасап отыр.  

 

 

Тегтер

Сараптама