Oct 18, 2019 14:34 Asia/Almaty
  • Америка Түркиямен Сирияда атысты тоқтату бітімін орнату туралы келісті

АҚШ Президентінің орынбасары Майк Пенс елінің Түркиямен Сирияда атысты тоқтату бітімін орнату туралы келіскенін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Майк Пенс бейсенбі күні Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездескеннен кейін АҚШ-ның Түркиямен Сирияның солтүстігінде 5 күнге атысты тоқтатуға келіскенін мәлімдеді.

АҚШ пен Түркияның келісімі бойынша, күрд күштері Түркия шекараларынан 20 миль кері шегінуі үшін Анкара Сирияның солтүстігіндегі әскери амалдарын 5 күнге тоқтататын болды.

Осы келісім бойынша, АҚШ күрд күштерінің кері шегінуіне қауіпсіз жағдай тудырып, осы шегіністен кейін атысты тоқтату туралы тұрақты бітімі жасалады.

АҚШ, сондай-ақ, осы аралықта Түркияға қарсы салынған санкциялардың күшін жойып, жаңа санкция салмайды.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы баспасөз отырысында: "Анкара күрд күштерінің кері шегінісін бақылауда ұстау үшін Сирияның солтүстігіндегі амалдарын уақытша тоқтатады",-деп хабарлады.  

 

 

Сараптама