Oct 21, 2019 15:50 Asia/Almaty
  • Лондонда «Арбағин» шеруі өтті

Мұсылмандар мен Исламның ұлық пайғамбары әулетін құрметтейтін әртүрлі елдер мен таптардың өкілдері жексенбі күні шәһидтердің жетекшісі имам Хусейннің (ғ.с.) армандарына адалдық білдіріп, Лондонда «Арбағин» шеруін өткізді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Лондондағы «Арбағин» рәсімі жексенбі күні Британиядағы исламдық орталықтың басшысы Мусавидің имаматымен түс намазының Marble Arch алаңында оқылуымен басталды. Содан соң сөз сөйлеушілер ағылшын, араб және урду тілдерінде имам Хусейн (ғ.с.) мен Ашура оқиғасы, сондай-ақ «Арбағин» шерулерін өткізудің философиясы туралы  баяндады. Соңында әртүрлі елдердің, ағылшындар мен ирактықтар, ауғандар мен пәкістандықтар, ливандықтар, ирандықтар, үнділіктер мен бахрейндіктерден құралған имамның жақтастары имам Хусейннің (ғ.с.) есімі жазылған байрақтарды жоғары көтеріп, жаяу жүру шеруін өткізді.

 

 

Сараптама