Oct 21, 2019 23:00 Asia/Almaty
  • Трамптың Сириядағы америкалық күштерді қалдыру жөніндегі кереғар саясаты

АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың желтоқсан айында америкалық күштерді Сириядан шығаруға шешім қабылдады. Бірақ ішкі қарсылықтарға байланысты бұл мәселені кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Енді Түркияның Сирияның солтүстігіндегі күрдтердің аймағына шабуыл жасайтыны туралы қоқан-лоққысы оның Анкараның жолын ашып, америкалық күштерді шығару туралы бұйрығына себеп болды.

Қазіргі мәліметтер осыдан екі апта бұрын өз елінің әскерилерін Сириядан толық шығаратынын жариялаған Трамптың ДАИШ-ке қарсы күресті сылтауратып, бұл елде бір топ әскериін қалдырғысы келетінін көрсетеді. Америкалық The New York Times газеті АҚШ-тың жоғары лауазымды басшыларының бірінің сөзіне сілтеме жасап: "Дональд Трамп өткен аптада шамамен 200 арнайы күшін лаңкестікпен күресу үшін Сирияның солтүстігінде қалдыруға шешім қабылдады",- деп жазды. Бұл басшының айтуынша, Сирияда қалатын америкалық күштер Ирактың шекарасы мен Түркия Президенті Ердоған мен Трамп келіскен буферлік аймақтан тыс жерде орналастын болды. Егер Трамп Сирияның солтүстік-шығысында жүздеген әскеридің қалуына келісетін болса бұл 2019 жылдың басынан АҚШ Президентінің америкалық күштердің Сириядан шығарылуы туралы шешімін іс жүзінде екінші рет өзгертуі болады.

The New York Times газеті: "Бұл аз санды топтың қалуының мақсаты ДАИШ-тың Ирак пен Сирияға оралуының алдын алу",- деп жазды. Бірақ АҚШ-тың маңыздырақ келесі мақсаты - күрдтердің көмегімен Сирияның солтүстік-шығысындағы мұнай жолдарын бақылауға алу. Трамптың аймақтағы АҚШ-тың міндеттемелерін азайту ұстанымы 2018 жылдың желтоқсан айының 19 күні Сириядағы америкалық күштерді шығару жөніндегі тосын шешімін жариялауына жеткізді. Трамп ДАИШ-тың жеңгенін, енді Сирияда қалу үшін себептің жоқ екенін мәлімдеді. Трамп сондай-ақ: "АҚШ-тың ДАИШ-ке қарсы соғысы АҚШ-тың дұшпандары мен аймақтық және халықаралық бәсекелестерінің, яғни Иран мен Ресейдің мүддесіне аяқталды",- деген уәж айтты.

Трамп ішкі және Вашингтонның еуропалық одақтастарының қатты қысымының нәтижесінде Сирияға қатысты ұстанымынан кейін шегінуге мәжбүр болды. АҚШ-тың демократ және республикашыл саясаткерлерінің пікірінше, Трамптың америкалық күштерді Сириядан шығару шешімі толық артқа шегіну мен Вашингтон мен оның аймақтағы одақтастары үшін шынайы салдарларге ие болды. Бүгінде өзіне қатысты сынды азайту үшін Трамптың әскери күштерінің бір бөлігін Сирияның солтүстік-шығысында сақтап қалу шешімі АҚШ пен еуропалық одақтастары қарсылықтарының артуымен байланысты.  

 

 

Тегтер

Сараптама