Oct 22, 2019 22:28 Asia/Almaty
  • Трамп Иранға өтірік күш көрсеткен болды

АҚШ Президенті Дональд Трамп үнемі ИИР-на қарсы дұшпандық ұстаным білдіріп, Ислам республикасын Вашингтонның талаптарын қабылдауға мәжбүрлеу үшін Теһранға қарсы мейлінше қысым көрсетіп келеді. Трамп кейбір кездері Иранға қарсы қоқан-лоққыларын қайталайды.

Дональд Трамп кеше 21 қазанда «қажет болса, Иранға әскери шабуыл жасайтынын» айтып, қоқан лоққы жасады: "Егер мәжбүр болсақ, Иранға бұрын-соңды болмаған соққы береміз. Қажет болса, соғысқа дайынбыз",- деді. Трамп Теһранға "АҚШ-тың әлемдегі ең құдыретті армияға ие екенін, бірақ осы күнге дейін Иранға қатысты ұстамдылық сақтап келгені" туралы уәж айтты.

АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы, әсіресе Парсы шығанағы аймағындағы қауіпсіздік саласындағы іс-қимылдарына  шолу жасау Трамптың Иранға қарсы жаңа қоқан-лоққыларының негізсіздігін жақсы көрсетеді.  Вашингтонның аймақтық одақтастарына тиесілі танкерлер мен кемелерге, Трамп үкіметі Иранмен байланыстырған  Сауд Арабиясының мұнай нысандарына жасалған шабуылдар, сондай-ақ   Иранның   АҚШ-тың қымбат Global Hawk ұшқышсыз ұшағын құлатауына  қарамастан, Трамп үкіметінің Иранға қарсы ешқандай әрекет жасауға батылы жетпеді.  Трамп тіпті Global Hawk ұшқышсыз ұшағы құлатылған соң да "Иранға шабуыл жасағысы келгені, бірақ адами шығынға көңіл бөліп, шабуыл жасаудан бас тартқаны" туралы бос уәж айтты. Негізінде Трамп Пентагонның Теһранға қарсы әрекеттерінің салдарлары туралы ескертуіне байланысты бұл ісінен бас тартты.  Иранның әскери әлеуеті мен аймақтағы әскери рөліне, сондай-ақ Иранның жауабынан аймақтағы америкалық күштердің зардап шегетініне байланысты АҚШ Иранға қарсы әскери әрекет жасуға қорқады. Осы кезде сыртқы саясатында көптеген қайшылықтарға шырмалып, аймақтағы одақтастарының сенімсіздігімен бетпе-бет келіп отырған Трамп Иранға қарсы қоқан-лоққы көрсетіп, АҚШ-ты күшті етіп көрсетуге талпынып, аймақтағы одақтастарын Вашингтон оларға қолдау көрсетеді деп жұбатқысы келеді. Трамп үкіметінің мақсаты – Иранға қарсы  халықаралық коалиция құру, экономикалық қысымдарын ақтап,  Теһранға қарсы шиеленісті күшейту, Парсы шығанағында әскери күштерін арттыру және АҚШ-тың аймақтық одақтастары арасында сенім қалыптастыру. Вашингтон Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазында кеме қатынасының еркіндігін қамтамасыз етуді сылтауратып, теңіз коалициясын құрмақ. Қалай болғанда да АҚШ-тың аймақтағы одақтастарын қорғау туралы уәждері пайдасыз. Сондай-ақ, Трамп аймақтағы одақтастарын қорғауының шартын оның қаржысын төлеу деп атаған болатын.   

 

 

 

Тегтер

Сараптама