Қаз 23, 2019 19:12 Asia/Almaty
  • Американың санкция салуға құнығуы әлемнің экономикалық байланысын әлсіретеді

Иран СІМ Зариф: «Американың Қосылмау қозғалысына мүше елдер мен Қытай және Ресей сияқты үлкен мемлекеттерге санкция салуға құнығуы халықаралық байланыстардың негізін әлсіретіп, жүз миллиондаған адам мен әлемдік сауданы қатерге тіреп отыр», - деді.

Мохаммад Джавад Зариф бүгін сәрсенбі күні Әзірбайжанның астанасы Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысында Американың шектен тыс талап етушілігі алдында әлемдік консенсустың қажеттігін айтыпғ, әлемдік апаттың алдын алу үшін халықаралық қауымдастықтың Американы қауіпті жолдан қайтаруға мәжбүрлеудегі біртұтас ұстанымын төтенше қажеттілік деп атады.    

Зариф Азияның батысы әлемдік жүйеге қарсы кекшілдіктің ең үлкен зардабын шегіп отырғанын айтып: «Қосылмау қозғалысына мүше елдердің ең маңызы мақсаттарының бірі Палестина автономиясының құқығы Американың біржақты бүлдіргі саясаттары, әсіресе оның Құдс пен Голан жоталарына қатысты заңсыз қауіпті ұстанымдары салдарынан аяққа тапталып жатыр», - деді.  

 

Тегтер

Сараптама