Қаз 30, 2019 14:40 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Сирияға Дамасктың өтініші бойынша көмектеседі

Иран СІМ Зариф Теһран мен Мәскеудің Сирияға осы елдің халқы мен үкіметі қалаған уақытқа дейін көмектесетінін айтты.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф кеше сейсенбі күні кешке Женевада Түркия мен Ресей Сыртқы істер министрлері Мевлют Чавушоғлы және Сергей Лавровпен өтізген ортақ хабар брифингінде Ресей мен Иранның Сирияға ел үкіметінің шақыруымен көмектесіп жатқанын айтты. Зариф америкалық әскери күштердің Сирияда мұнай алаңдарын қорғау деген сылтаумен жүргенін айтып: «Америка президенті тым құрымағанда осы елдегі мақсаттарына қатысты шынайы», - деді.
Сергей Лавров да Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу керектігін қуаттап, Сирияның жаңа Конституциясы комитетін құрудың осы елдің халқы үшін үлкен жеңіс пен жетістік болатынын айтты.

Мевлют Чавушоғлы да Анкараның Сирияның бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтау міндеті мен сириялық босқындардың елге оралуын өте маңызды деп атады.

 

Тегтер

Сараптама