Nov 11, 2019 17:13 Asia/Almaty
  • Guardian 2019 жылдың ең үздік суреті ретінде палестиналық шерушінің суретін таңдады

«Оралу құқығы» бейбіт шерулері ағымында 2018 жылдың қазан айында израильдік әскериге қарсы тұрған палестиналық жігіттің суретін Guardian газеті 2019 жылдың ең үздік суреті деп таңдады.

 

Russia Al-Yaum ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл суретті Anadolu агенттігінің фоторепортері Мұстафа Хасуне 2018 жылдың 22 қазанында Газаның шығысындағы «Оралу құқығы» үлкен шеруі ағымында түсірген. Суретте бір қолына Палестинаның туын көтерген, екінші қолына байланған тас ұстап тұрған палестиналық жігіт Айед Абуамруды көруге болады. «Оралу құқығы» шеруі символдарының біріне айналған бұл палестиналық жігіт сурет түсірілгеннен кейінгі жұмада израильдік мергеннің оғынан жарақат алды. Бірақ кейінгі жұмаларда басқа палестиналықтармен бірге қайтадан шерулерге қатысты.

 

 

Тегтер

Сараптама