Nov 12, 2019 16:12 Asia/Almaty
  • Солтүстік Осетияда Фирдоусидің мүсіні орнатылды

Иранның атақты ақыны Әбілқасым Фирдаусидің мүсіні Ресейдегі ИИР елшісінің қатысуымен Солтүстік Осетияның мемлекеттік университетінде орнатылды.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаи дүйсенбі күні Фирдаусидің мүсінін ашу рәсімінде сөз сөйлеп: «Бұл мүсіннің Солтүстік Осетияда орнатылуы екі елдің ғылыми-мәдени салалардағы ынтымақтастықтарының артып келе жатқанының белгісі»,- деді.

Иранның атақты ақыны Әбілқасым Фирдауси (940-1020 ж.) Иранның солтүстік-шығысындағы Тус қаласында дүниеге келді.   Фердоусидің  80 жыл өмірі бойындағы Иранның ұлттық құндылықтарын жандандыруға құштарлығы «Шаһнаме» ұлы туындысының жазылуына себеп болды. 50000 бәйітке жуық Фирдаусидің «Шаһнама» шығармасы  Иран патшалары мен әйгілі палуандарының көне тарихы мен ұлттық дастандарының жинағы. Бұл дастандарда ұлттық қаһармандардың жеңістері, ерлігі, иманы мен батылдығы жырланған.  

 

 

 

Сараптама