Nov 16, 2019 21:40 Asia/Almaty
  • Ирандық зерттеушілер жылу сақтайтын нано смарт қолғап ойлап тапты

Иран командасы жылуды сақтайтын электронды нано смарт қолғап өнертабысымен Хорватияда өткен инновация және өнертабыстар бойынша халықаралық жарыста екінші орын алды.

IRNA News агенттігінің бүгін сенбі күнгі хабарлауы бойынша ирандық зерттеушілер альпинистер, таулы аймақтар мен суық жерлерде тұратын барлық адамдардың қиындықтарын назарға алып, мобильді телефонның барлық функциясына ие қолғап ойлап тапты.

Дененің өмірлік маңызды функцияларын тамырдың соғысы мен GPS жүйесі арқылы бақылау қабілетіне ие смарт қолғап альпинистке қиын жағдай төнген кезде оның нақты хабарын GSM жүйесі арқылы орталыққа жібереді.

Ирандық ғалымдар ойлап тапқан қолғап қырық градус аязда қажет температураны қамтамасыз етіп, бетіндегі сұйық кристалды дисплейдің арқасында картаны, қолғаптың іші мен сыртындағы температура мен басқа да мәліметтерді көрсетіп тұарды.

Смарт қолғап қатты аязға төзімді. Оның матасының материалы нано талшықтан жасалған.

 

Сараптама